Атырауда ұлттық санақ кезінде 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады

27 main Жаңалықтар

Atr.kz/18 ақпан, 2020 жыл. Биылғы жылы Ұлттық халық санағы қазан айының 1-і мен 30-ы аралығында өтеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


2020 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағын өткізу уақыты мен кезеңі шартты екі кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында болады. Бұл кезеңде интервьюерлер үйлерді аралап, онда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтайды.

Елімізде үшінші реет өткелі отырған халық санағының биылғы ерекшелігі – электронды түрде өтеді. Бұл туралы ӨКҚ – де өткен баспасөз мәслихатында  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
– Биылғы санақтың бір ерекшелігі қағаз-қалам болмайды. Барлығы электронды түрде.

whatsapp image 2020 02 18 at 14.47.09

Ол үшін  27 мың планшет сатып алынған. Екіншісі, санақшының көмегінсіз, үйде отырып-ақ, арнайы сайтта өз бетімен мәлімет толтыруға болады.

Қазіргі таңда Атырау облысында 645 мыңнан аса халық бар. Облыстың санағын жүргізуге 1068 адамды жұмыспен қамтымақ ниеттеміз, – дейді Нұрболат Айдапкелов.
Сондай-ақ, халық санағы кезінде тұрғындарға ыңғайлы болу үшін арнайы сайт қарастырылған. Яғни, әр тұрғын sanaq.gov.kz  арқылы сауалнамаға жауап беріп халық санағына қатыса алады. Биылғы халық санағының басты ерекшелігі осында.

http://atr.kz/bez-rubriki/%D2%9Baza%D2%9Bstanda-bala-k%D2%AFtimi-bojynsha-zh%D3%99rdema%D2%9By-t%D3%A9leudi-3-zhyl%D2%93a-dejin-%D2%B1l%D2%93ajtu-%D2%9Barastyryluda/?fbclid=IwAR3Ab2CgI6Dyj1dM-j2_-cZ-pGooK6rFSVkXcwLYvhziOHt36GYUZdRP_qY
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз