Атырауда төтенше жағдай талаптарын елемеген дәмханалар анықталды

200319214957045e Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Атырауда төтенше жағдайға байланысты енгізілген арнайы шектеулерге қарамастан, жекелеген дәмханалар жұмыс режимін бұзып келген.

«Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірқатар шектеу қойылды. Соның ішінде мейрамханалар мен кафелер түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмысын тоқтатуы тиіс. Алайда, арнайы шектеуді елемей, жұмысын жалғастырған кафелер бар. Біздің қызметкерлер әкімшілік құқық бұзушылыққа жататын осындай 2 фактіні анықтады. Материалдар әкімшілік сотта қаралып, мекеме иелері жауапкершілікке тартылады», – деді бүгін Атырау облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.

Оның айтуынша, төтенше жағдай енгізілгелі атыраулық тәртіп сақшылары қызмет бабында медициналық маскамен қамтылған.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/apta-a%d2%9bparatty%d2%9b-saraptamaly%d2%9b-ba%d2%93darlamasyny%d2%a3-redaktor-analitigi-atyrau-oblysy-%d3%99kimini%d2%a3-baspas%d3%a9z-hatshysy-bolyp-ta%d2%93ajyndaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз