Атырауда төтенше жағдай режимін бұзу дерегі анықталды

imgpreviewararara Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Ұлтаралық және діни араздыққа алып келген жағдайлар тіркеле қоймады.

Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Күн сайын облыстық дін істері басқармасының мамандарымен діни бірлестіктерге бақылау жүргізіліп отырады.

-Діни бірлестіктердің бірі 22 наурыз күні, төтенше жағдайға қарамастан 31 тұрғынның қатысуымен шіркеудегі қызметті жалғастырды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабы бойынша тиісті протокол толтырылды.

Нәтижесінде, 23 наурыз күні «Церковь Евангельских Христиан Баптистов «Преображение» діни бірлестігіне 10 АЕК – 26 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы орайда, мониторинг жұмысы жалғасатынын қаперге бергім келеді. Сондықтан, төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Атырау облысының дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз