Атырауда не өртеніп жатыр? (+ФОТО)

screenshot 20200823 142344 Жаңалықтар


Кешеден бері шаһар маңы түтіндеп, ал бүгін қаладан күйген иіс шыға бастады.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс тұтанған.


— Кешегі кештен бастап Кеңөзек ауылдық округіне жақын маңда қамыс өртене бастады. Әзірге әуеге көтерілген түтін мен күйе желмен теңіз жаққа есуде. Өрт сөндірушілерге қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтауға батпақ кедергі келтірді. Себебі, батпақты таяздыққа техника өте алмайды. Жағдайды дрон құрылғысымен тұрақты бақылап отырмыз» деді құтқарушылар.

Алайда, тілсіз жау теңіз жағасындағы 4 гектарға жуық алқапты жалмап үлгерген.

img 20200822 wa0076
screenshot 20200823 142036
img 20200822 wa0077

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз