Атырауда темір жол тасымалы өсіп келеді

aenean Жаңалықтар

Atr.kz/4 тамыз, 2020 жылЕлдің әлеуметтік-экономикалық дамуында теміржол саласының алар орны ерекше. Ол экономиканың күретамыры саналады. Бұған сүбелі үлесін қосып келе жатқан құрылымдардың қатарында «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының филиалы – Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымын атауға болар еді.

 Алты айлық меже – артығымен

Б ө л і м ш е б а с т ы ғ ы Д а р х а н Құланбаевтың айтуынша, биыл а л ғ а ш қ ы а л т ы а й д а п а й д а л а ­ну жұмысына байланысты негізгі өндірістік көрсеткіштер толығымен орындалды. Соның ішінде, жүк ай­налымы мен жүктерді тиеу жоспары 101,6 пайызды құрады.

– Бөлімше бойынша жолаушы пойыздары қозғалысының кесте­ге сәйкес орындалысы қамтамасыз е т і л д і . О л а р д ы қ а б ы л д а у м е н жөнелту жұмыстары санитарлық- эпидемиологиялық қызмет бекіткен т а л а п т а р д ы е с к е р е о т ы р ы п , белгіленген жоспар деңгейінде жүзеге асырылды, – деді бөлімше бастығы.

Бұл пойыздардың маршруттық ж ы л д а м д ы ғ ы т ә у л і г і н е 1 2 5 2 шақырымды құрап, былтырғыдан 32-ге артты. Биылғы жарты жыл­да Атыраудан «Өскемен–Қиғаш– Н о в о р о с с и й с к » б а ғ ы т ы н д а қатынайтын 18 контейнерлік пойыз жолға шығарылып, олардың орташа тәуліктік маршруттық жылдамдығы 1 252 шақырымды құрады. Өткен жылдың сәйкесті кезеңінде бұл көрсеткіш 14 пойызбен шектелген болатын.

Қауіпсіздік – қатаң бақылауда

Алты айда қозғалыс қауіпсіздігі тәртібін бұзудың бір ғана дерегі тіркелген. Орын алған оқиғаға қатысты тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп, заң шеңберінде шаралар алынды. Ең бастысы, қауіпсіздік қағидаттары мен талаптары қатаң сақталғандықтан, пойыздардың жолдан аударылып, рельстен шығып кетуіне, басқа да төтенше жағдайларға (оның ішінде, өндірістік жарақаттанушылыққа) жол берілмеді.

Б ө л і м ш е д е е ң б е к ж а ғ д а й ы н ж а қ с а р т у м е н қ а у і п с і з д і г і н қамтамасыз етудің кешенді шара­сы жасақталған. Бүгінде соған сай жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде, өндірісте адам д е н с а у л ы ғ ы м е н ө м і р і н е қ а у і п төндірер бақытсыздық оқиғалары орын алған жоқ. Қысқасы, қауіпсіздік мәселесі мұнда қатаң бақылауда. Жұмысшы-қызметкерлердің арнаулы жұмыс киімдерімен, аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі ұдайы назарда ұсталады.

Кеселмен күрессек, жеңеміз

Б ө л і м ш е б а с т ы ғ ы н ы ң мәлімдеуінше, мұнда «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы» АҚ-мен арада 2018-2020 жылдарға ұжымдық келісім-шарт жасалған. Құжатта атап көрсетілгеніндей, сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің « Т ү р л і э к о н о м и к а л ы қ қ ы з м е т ұйымдарының қызметкерлеріне арна­улы жұмыс киімдерімен және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру тура­лы» бұйрығының негізінде келісімнің шарттарын орындау бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асыры­лып келеді. Оның үстіне, әлемдік п а н д е м и я ғ а қ а р с ы к а р а н т и н д і к шектеулердің енгізілуімен байла­нысты мекеме бойынша қосымша шаралар белгіленді.

– Басты мақсат – қатерлі індеттің бетін тойтару, мекеме қызметкерлері арасында аты жаман аурудың таралу­ына жол бермеу. Осылайша, жаһанды жайлаған тәжтажалдың жолына тосқауыл қою үшін қажетті шара­ларды қабылдау. Ұжым мүшелерінің күнделікті жұмыстарында антисеп­тиктер мен өзге де залалсыздандыру құралдарын, медициналық бетперде­лер мен қолғаптарды, термометрлерді тұрақты қолдануын назарда ұстап, қадағалап отырамыз, – дейді Дархан Ұйқасұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз