Атырауда темекі қорабынан марихуана табылды

nasvay 1 Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) режим бөлімінің тексеру тобы сәлем-саухаттарды тексеру кезінде темекі қорабына салынған 41,9 грамм марихуананы тапты.

– Тыйым салынған зат осы мекемеде күдікті ретінде ұсталып отырған азаматқа арналған. Аталған дерек бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде,- деп хабарлайды Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз-қызметі.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-shekteu-%d2%9bojyl%d2%93anyna-%d2%9baramastan-kafe-mejramhanalar-zh%d2%b1mysyn-zhal%d2%93astyr%d2%93an/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз