Барлығы 161: Атырауда тағы 15 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/2 мамыр, 2020 жыл. “Осылайша, Атырауда қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны 161 адамға жетті” деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Шұғыл штаб таратқан ақпаратқа қарағанда, соңғы инфекция табылған 15 адамның барлығы Теңіз кенішінің жұмысшылары. Соның ішінде он жұмысшы – 1987, 1977, 1992, 1994, 1967, 1993, 1994, 1970, 1990, 1975 жылы туған ер адамдар.

Және бес жұмысшы 1971, 1978, 1990, 1972, 1979 жылы туған әйел адамдар. Белгілі болғанындай, науқастардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялардың қызметкерлері.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.

​​Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен байланыс жасаған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жүріп жатыр.​

2 мамыр күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 161​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.​ Оның ішінде 97 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары. 70 адам жазылып шықты.​

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған