Атырауда шетелдік жүк көлігі отқа оранды

200701112656865e Жаңалықтар

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында шетелдік жүк көлігі өртеніп кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 1 шілдеде сағат 01:43-те болған.

2007011126464744g
2007011126475651g 1

«Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Махамбет ауданындағы Тандай ауылынан 6 шақырым жерде автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде «Renault Magnum 440» маркалы фураның кабинасы мен қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатты. Өртті сөндіруге авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 02:43-те толығымен жойылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталуда.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/atyrauda-sheteldik-zhuk-koligi-ortendi_a3667879

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз