Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды (+ВИДЕО, ФОТО)

56790988 790876951294790 1763331894620979200 o Жаңалықтар
https://www.youtube.com/watch?v=7khNDCzmesk

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды.

Жаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатысты. Шараны «НұрАтырау Құрылыс» ЖШС-і ұйымдастырды. Мекеме қолдауымен киіз үй тігіліп, қазақша күреске кілем жайылып, Құран оқылды. Шараға Шалкар Ақымғалиевтың анасы Ләззат Мәженқызы, қайғылы оқиғаны бастан кешірген Рүстембек Сүндетов, ел азаматтары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

56563280 790875014628317 4138929901480706048 o
56635045 790876914628127 5025023229928931328 o

Шара барысында Шалқар батырымыздың анасына алғыс xат табысталып, Рүстембек батырымызға шапан жабылды.

– Атырау обысында ұлттық спорт, соның ішінде көкпар қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда қаламызда апта сайын жеке азаматтар, мекемелер ұйымдастыруымен жаппай көкпар, топтық көкпар ұйымдастырылады. Бүгінгі шара халық батыры Шалқардың рухына ұйымдастырылды. Бұл еліне елеулі азамат, оның ерлік қадамы мәңгілік ел жадында,- деді Атырау облыстық Ұлттық спорт түрлері Федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев.

56790827 790876927961459 4488956103878508544 o
56536151 790876934628125 2373222507692949504 o

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Атырауда Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген бойжеткенді құтқарып, өзі қаза болған еді.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникация қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз