Атырауда сауда-саттық статистикасы жарияланды

1519898246 foto 5 Жаңалықтар

Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Атырау облысы Статистика департаменті 2019 жылдың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемін жариялады.

Атырауда биыл қантар-наурыздабөлшек сауда көлемі 69327,1 млн. теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артық. Бөлшек сауда көлемінің қомақты өсуі былтырғы жылмен салыстырғанда Жылыой (1,6%), Исатай (24,1%)  аудандарында байқалды.

«Жеке меншік кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу айналымы 62259 млн. теңге (89,8%), басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғаларының және азаматтарының меншігінен 7068,1 млн. теңге (10,2%) құрады», –  делінген Статистика департаментінің хабарламасында.

Ал сауда көлемі 601095,4 млн. теңгеге шыққан.  

Дереккөз: atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз