Атырауда салмағы 118 келі қорытпа бекіре зауытына тапсырылды (+ВИДЕО)

img 20200901 wa0020 БЕЙНЕЖАЗБА

Кеше, 31 тамыз күні «Амангелді» өнеркәсібі балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын аулаған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

https://www.facebook.com/atyraunews/videos/229578928465781/

Қазіргі уақытта алып балық «Жайық Атырау бекіре» зауытына тапсырылды. Жынысы мен жасы анықталу үстінде.

Айта кетейік, бекіре тұқымдас мұндай балықтар сиреп бара жатқаны үшін Қызыл кітапқа енгізілген. Бүгінде тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады.

img 20200901 wa0021
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз