Атырауда республикалық «жедел жәрдем» акциясы өтті (+ВИДЕО, ФОТО)

d8bb7316 0bda 4fc8 8f7e fdf0c1037cb2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/13 сәуір, 2020 жыл. Бүгін елімізде, соның ішінде, Атырауда да бір мезетте сағат 21.00-де  республикалық жедел жәрдем акциясы ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен қолға алынған акция осы уақытта Атырау өңірінде жоғары деңгейде қолға алынды.

https://youtu.be/-9n7zCypFX4

Облыстық жедел жәрдем стансасында бастау алған шараға барлығы 14 реаномобильді автокөлік жұмылдырылды. Әрбір көлікте екі фельдшер мен бір жүргізуші, яғни, акцияға бригада мүшелерінің барлығы  толық қатысты. Олар бір уақытта дабыл сиренасын қосып, белгіленген маршрут бойынша бір колоннада жүріп өтті.  Атырау қаласындағы орталық көпірден өтіп, Авангард мөлтекауданындағы көшелерді қамтыды.

ebad9efe b573 4d79 b163 eef70cee9132
9ae3ddc0 76e7 4b4c 84dc 6a8af1a699b2

Сондай-ақ, Тұрғындар қалашығындағы көпірден өтіп, Әуезов, Азаттық көшелерінің бойымен жүрді. Колоннадағы ең бірінші автокөлікті станса директоры Ербол Иманғалиев пен орынбасары Наргиз Баймолдаева және санавиацияның меңгерушісі  Дәулет Сәрсенғалиев басқарды.

– Бүгінде әлемде орын алып жатқан пандемияны ауыздықтаудың бір жолы – әр адам өз денсаулығын сақтап, үйде болу. Жедел жәрдем шақыртуды, оның дабылын естуді ешкім де құп көрмейді. Сондықтан, вирус жұқтырып, «103» пультіне қоңырау шалмас үшін денсаулықты сақтау маңызды. Олай болса, әр адам қазіргі төтенше жағдайға  бейжай қарамай, үйде болғаны абзал. Акция аясында тұрғындарға осы жайтты ұғындыру басты мақсат болды, – деді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз  Нұридинқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-on-birinshi-adam-koronavirustan-kөz-zhұmdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз