АТЫРАУДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ТУРЫ ӨТЕДІ

pochemy quran Жаңалықтар

Atr.kz/4-наурыз, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Құран-Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ҮІІІ республикалық Құран жарысына Атырау облысы бойынша іріктеу мерзімі 9 сәуірге белгіленіп отыр.

Қатысушыларға төмендегідей талаптар қойылады:

1)    Үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс;

2)    Қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс;

3)    Республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды;

4)    Үміткер бір номинация бойынша ғана бақ сынай алады;

5)    Құжаттар 5 сәуірге дейін қабылданады;

IMG 20190304 WA0028

   Құранның 10, 20 және 30 парасын жатқа айтудан, сондай ақ, Құранды мәнерлеп оқудан сынға түсіп, оза шапқандарға арнайы орындар және қомақты қаржылай сыйлық беріледі. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өтетін сайыстың іріктеу кезеңі бойынша анықтама телефоны: 8701 7097474;

Дереккөз: islam-atyrau.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз