Атырауда қызылшамен нәтижелі күрес жүріп жатыр

Жаңалықтар

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл. Бүгінгі күні 984 адам ақылы түрде және 42 047 адам жұмыс беруші тарапынан қызылшаға қарсы екпемен қамтылып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Облыс бойынша 2019 жылдың бас кезінде қызылша ауруының өршуі байқалған. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі 1 жасқа дейінгі балалар болды. Эпидемологиялық жағдайды ретке келтіру үшін, 2019 жылдың  сәуір айынан бастап,  9-10 айлық балаларды жаппай қызылшаға қарсы екпемен қамту шарасы жүзеге асырылуда.  

Күні бүгінге дейін аталған жастағы  9645 бала тиісті екпе алды. Соның нәтижесінде, балалар арасындағы қызылша ауруына шалдыққандар саны едәуір төмендеді. 
Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы  Амантай Жұмағалиев мәлімдеді. 
– Атырау облысында 2019 жылдың  тамыз айына дейін 764 қызылшамен ауырған адам тіркелсе, тамыз айынан бері облыс бойынша балалар арасында бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Бұл қызылшаға қарсы жаппай иммундаудың нәтижесі.

Сонымен қатар,  Атырау облысында  қыркүйек айынан бастап  20 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындарды қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізілуде. Облыс  бойынша 20-29 жас аралығында  47250  адам қызылшаға қарсы екпемен қамтылды. Аталғана шаралар жыл соңына дейін іске асырылады, – дейді Амантай Жұмағалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз