Атырауда қолғап кимеген кәсіпкер 3 күнге қамалды

200401225815367e Жаңалықтар

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. «Мобильді топ арнайы рейд барысында Исатай ауданының Аққыстау селосында төтенше жағдай талабы бұзылғаны анықталды.

Мұнда азық-түлік дүкені бар кәсіпкер бір реттік қолғапты кимей, келушілерге қызмет көрсеткен. Осылайша, төтенше жағдай кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық шараның талабын бұзған. Құқық қорғау органдарының өкілдері кәсіпкерге қатысты хаттама толтырып, сотқа жолдады» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Исатай аудандық соты бұл істі 30 наурызда онлайн режимде қарады. Сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен 3 күнге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda%d2%93y-nau%d2%9bastardy%d2%a3-zha%d2%93dajy-%d2%9balaj/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз