Атырауда қойлар тірілей өртеніп кетті

Жаңалықтар Оқиға

Atr.kz/27 шілде, 2020 жыл. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше, 23 шілдеде Қызылбалық ауылында болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 17:43-те Атырау қаласының маңындағы Қызылбалық ауылында қораның өртенгені туралы хабар түсті. Жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын қораны өрт шарпыған. Қораға 12 бас қой болған. Оқиға орнына 2 көлікпен келген арнайы қызметтің 8 қызметкері өртті сөндіру кезінде 6 бас қойды құтқарып қалды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалын сағат 18:16-да ауыздықталып, сағат 18:22-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлік жөндеу орталығында 8 автомобиль өртеніп кеткен еді.

Атырауда өртенген қорада 6 қой тірілей жанып кетті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлік жөндеу орталығында 8 автомобиль өртеніп кеткен еді.

“ҚазАқпарат”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған