Тез дайындалатын тағамдардың құрамы тексерілді

foto11006180222 Жаңалықтар

Atr.kz/28 қазан, 2020 жыл. Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Тауаррлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің (Бұдан әрі-Комитет) хатына сәйкес, адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретін генетикалық түрлендірілген сояның сандық құрамы артқан тамақ өнімдерінің мынадай атауларын анықтау фактілері туралы хабар етеді:

1. Орташа өткір дәмі бар «Jin Ramen (Mild)» тез дайындалатын корей кеспесі (дайындалған күні 05.12.2019 ж., жарамдылық мерзімі 04.12.2020 ж.) Өндірушісі: Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-Ып, Пенгтэк-Си, Кенги-До, Оңтүстік Корея, 0,9% – дан астам ГМО көздері табылды. Жүргізілген зерттеулер, өсімдіктердің ГМ желілерін сәйкестендіру нәтижесінде Mon 89788 соя соя сорттарының ГМ сандық құрамы 1,45%-ға дейін анықталды. Қазақстан Республикасы аумағында сапасына қатысты шағымдарды «VCA» ЖШС (ВиСиЭй) Алматы қ., Желтоқсан к/сі, 5Б, 19-шы кеңсе мекен-жайында қабылданды, тел (727) 246-85-56

2. Өткір дәмі бар «Jin Ramen (Spicy)» тез дайндалатын корей кеспесі (шығаралған күні 17.01.2020 ж., жарамдылық мерзімі 16.01.2021 ж.) Өндірушісі: Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-Ып, Пенгтэк-Си, Кенги-До, Оңтүстік Корея, 0,9% – дан ГМО көздері табылды. зерттеулер, өсімдіктердің ГМ желілерін сәйкестендіру нәтижесінде Mon 89788 соя соя сорттарының ГМ сандық құрамы 10,25%-ға дейін анықталды. Қазақстан Республикасы аумағында сапасына қатысты шағымдарды «VCA» ЖШС (ВиСиЭй) Алматы қ., Желтоқсан к/сі, 5Б, 19-шы кеңсе мекен-жайында қабылданды, тел (727) 246-85-56

3. Өткір дәмі бар «Jin Ramen (Mild)» тез дайндалатын корей кеспесі (шығаралған күні 16.01.2020 ж., жарамдылық мерзімі 15.01.2021 ж.) Өндірушісі: Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-Ып, Пенгтэк-Си, Кенги-До, Оңтүстік Корея, 0,9% – дан ГМО көздері табылды. зерттеулер, өсімдіктердің ГМ желілерін сәйкестендіру нәтижесінде Mon 89788 соя соя сорттарының ГМ сандық құрамы 2,24%-ға дейін анықталды. Қазақстан Республикасы аумағында сапасына қатысты шағымдарды «VCA» ЖШС (ВиСиЭй) Алматы қ., Желтоқсан к/сі, 5Б, 19-шы кеңсе мекен-жайында қабылданды, тел (727) 246-85-56

Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы жоғарыда көрсетілген мәліметтерді негізге ала отырып, Сіздерді, өнім таңдау кезінде өнімнің қауіпсіздігіне аса назар аударуыңызды сұрайды. Аталған өнімдер Атырау қаласы аумағындағы көтерме бөлшек сауда нысанда саттықта болу фактілері анықталған жағдайда, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А, мекен-жайына бойынша немесе 8 7122 32 15 57 телефоны бойынша хабарлауыңызға болады.

Ернар Абулхайров,

Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы

foto11006180335 1
foto31006180230
foto31006180344
foto41006180238
foto41006180346
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз