Атырауда қарымды қаламгер Айбосын Елеусіновтің есімі ұлықталып, кітабы жарық көрді (+ВИДЕО, ФОТО)

img 20201009 wa0065 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Биыл Мақат ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы, қарымды қаламгер Айбосын Елеусінов тірі болса, 80 жасқа толар еді. Осыған орай, бүгін «Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында қаламгерге арналған шағын кездесу өтіп жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=NUDLxGeunIM

Кездесуде Айбосын Елеусіновтың Кеңес Одағының Батыры Муса Баймұқанов туралы жазған  «Батыр Муса байрағы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа туынды Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға тапсырылды. Шара барысында қаламгердің өмір жолынан бейнебаян ұсынылды. Көзкөргендер ескірмес естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Атырау-ақпарат» мұражайына қаламгердің кітаптары, тұтынған заттары, құжаттары және марапаттары қойылды. Бір ерекшелігі, аталған кітапта Муса Баймұқановтың өмір жолы мен ерлігіне арналған «Намыс оты» атты деректі хикаят қайта басылып отыр. Бұдан басқа, батыр жөнінде жазылған басқа да публицистикалық материалдар да қамтылған.

Айта кетейік, Айбосын Есқалиұлы 2019 жылдың сәуірінде ұзаққа созылған ануқастан кейін өмірден озды. Ендеше, қалың оқырманға арналған «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» жаңа кітап қаламгер есімін ел есінде мәңгілік ұлықтары анық.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 5013
img 5062
img 5030
img 5173
img 5007
img 20201009 wa0063
img 20201009 153725
img 20201009 wa0062
img 20201009 154330
smart
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз