Атырауда қамыс тағы да өртеніп жатыр

araprapraprar Жаңалықтар

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1 қыркүйекте сағат 19:45-те ғарыштық бақылау мониторингі арқылы теңіз жағалауындағы қамыстың өртенгені анықталған.

«Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барып, өрттің Атырау қаласынан шамамен 35 км қашықта, Каспий теңізінің батпақты жағалауында орын алғанын анықтады. 2 қыркүйекте департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полоквнигі Р.Бляловтың басшылығымен «Eurocopter» 145 UP-ЕС033» тікұшағымен Каспий теңізінің жағалауы мен «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағының шекарасындағы қамыс өртіне әуеден барлау жасалды.

Барлау кезінде «Веста» ауданында шамамен 500-800 шаршы метр болатын үш ошақ анықталды. Бұрын өртенген қамыстың орны түтіндеп жатыр. Өртенген аумақтың жалпы ауданы 2 гектарды құрайды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы өрттің таралмауы үшін 25 қызметкер мен 7 техниканы дайындап отыр.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз