Атырауда өткен жылы жазасын өтеп шыққан 109 адам жұмыспен қамтылды

0e3f5d41dc2e2c7cd58e54aa6de07ee3 Жаңалықтар

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл.  2019 жылы Атырау облысында қылмыстық жазасын өтегендерді   еңбекке тарту мақсатында  10 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Шара барысында қатысушыларға «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктері жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Нәтижесінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне – 2 адам, қайта даярлау курстарына  –  57 адам жолданылып, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 
– Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтардың келешекте қылмысқа қайтып оралмауы – қоғам үшін аса маңызды.  Сол себепті, бүгінде сотталғандар арасында қайта қылмыстық құқық бұзушылық санының өсу жағдайын жою мақсатында  2020  жылға арналған  кешенді  іс-шаралар  жоспары жасақталып, бекітілді, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз