Атырауда өрттен жапа шеккендердің пәтер иелеріне өтемақының қашан төленетіні белгілі болды

img 20200304 wa0040 Жаңалықтар

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы журналистермен бейресми кездесуде Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлімдеді.

«Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысы Атыраудың атқарушы билігінің бақылауына алынды. Тиісті техниканы аламыз. Күні кеше Махамбет көшесіндегі көп қатарлы үйде болған өрт оқиғасының айналасында да көп мәселе бар.

Мәселен, терможаңғырту жүргізген кезде жағдайға дұрыстап қарау керек еді. Махамбет көшесіндегі үйдің шатырында алты кішкентай терезе тұр. Сол жерден ауа айналып тұрады. Өрт басталып, қызған кезде бұл жағдай отты сөндіруге мүмкіндік бермей жатты. Екіншіден, өртті сөндірудің тактикасын өзгерту керек. Бұл мамандардың қарайтын мәселесі. Десе де, әкімдік жағдайды өз бақылауына алады.

Бүгінгі таңда өртенген үйдің шатыры демеушілер көмегімен жаңартылды. Тағы үш пәтерге демеушілер тарапынан жөндеу жүргізілуде.

Тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі осы аптада қаралып бітеді. Кейін өтемақы төленуі керек» деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев журналистермен өткен бейресми кездесуде.

Еске сала кетелік, 15 ақпан күні Атырау қаласында Махамбет көшесіндегі №121 көпқабатты үй өртеніп, оқиға атыраулықтардың алаңдаушылығын туғызған еді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

img 20200304 wa0039
img 20200304 wa0041
http://atr.kz/bez-rubriki/қajrat-orazbaev-atyraudaғy-құrylysy-toқtap-tұrғan-kontserttik-zaldyң-taғdyry-turaly-ajtty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз