Атырауда «Ойран» фильмінің интернет премьерасы өтті (+ ВИДЕО)

unnamed file 5 Жаңалықтар

19 шілде, 2020 жыл. Қысқа метражды фильмде құмар ойынының соңында кеткен жігіттің және оның отбасындағы өмір көрсетіледі.

Қарапайым оқиға өмірдің ащы шындығына құрылған. Қарыз бен шытырман проблеманың ортасында қалған кейіпкер соңында нені таңдайды? Отбасын ба әлде, ақшаны ма? Ол үшін фильмді көріп шығу керек.

Атырауда түсірілген фильмнің продюсері әрі режиссері Ильяс Бекболатұлы кино арқылы көрерменге ой салғысы келгенін айтады.

«Құмар ойындарының салдарынан қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп жатыр. Кейде ақша үшін жолдасын ұтысқа тігіп жатқан жағдайлар да кездеседі.

Менің мақсатым әсіресе, жастарды карта ойнау, букмекерлік кеңселерге ұтыс тігу, казино сияқты дүниелерден алшақ жүруге шақыру болды. Ақшаның буына мастанған адам бір сәтте барлығынан айрылып қалуы мүмкін» дейді жаңа кино туындының авторы, продюсер, режиссер Ильяс Бекболатұлы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

https://atr.kz/bez-rubriki/kompaniя-kolikpen-komektesti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз