АТЫРАУДА ӨҢІР АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Жаңалықтар Мәдениет Әдебиет

Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл. «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі Атырау облысы ақын-жазушыларының екі томдық Антологиясын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жинаққа біздің өлкеміздің шығармашылық интеллигенциясының – танымал сөз шеберлерінің, сондай-ақ, жас таланттардың туындылары енбек.

Осыған орай, облыстың ақындары мен жазушыларын (олардың отбасыларын) бізбен байланысып, өздерінің ең үздік өлеңдерін, поэмаларын, әңгімелерін, көркем очерктерін және повестерден үзінділерін Антологияның редакциялық алқасына жіберулерін сұраймыз.

Автордың дербес мәліметтерімен (аты-жөні толықтай, өмірбаяны, фотосуреті) бірге, материалдарды 2020 жылғы 5 тамызға дейін rngab@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.

Ұсынылатын материалдардың көлемі А4 форматында 5 беттен аспауы тиіс.

Байланыс телефоны: 8 705 622 04 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған