Атырауда «Nur Otan» партиясының праймеризінде дауыс беру онлайн режимде өтеді

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. «Nur Otan» партиясының праймеризі 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында өтеді.

Мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарды сайлауға партиялық тізімдерді бәсекелік негізде қалыптастыру.
«Nur Otan»партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, жаңа ережелер барлығына, әсіресе, жасы мен жынысына қарамастан сайлауға енді қатысатын адамдарға бірдей мүмкіндік береді.

-Праймериз немесе партияаралық сайлау дегеніміз – саяси партиядан бір кандидатты сайлау. Партияаралық сайлаудың жеңімпазы негізгі сайлауда басқа партиялардың кандидаттарымен бәсекеге түседі. Бүгінгі күні біз барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтадық, 9 комитет құрдық, оған қосымша 9 есеп комиссиясын жасақтадық. Дауыс беру 84 сайлау учаскесінде онлайн режимде өткізіледі. Тек Құрманғазы ауданы Асан шалғай ауылында дауыс беру дәстүрлі түрде қағаз бюллетендермен өтетін болады, деді Нұрлыбек Ожаев.

Айта кетейік, Атырау облысында 111 бастауыш партия ұйымы бар.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған