АТЫРАУДА НАН НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ? (ВИДЕО)

information items 25592 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл.  Күндегі әдетімізбен дүкеннен қара нан алуға барған едім. Сөйтсем, 100 теңгелік нан он теңгеге (110 теңге) қымбаттапты…

https://youtu.be/WJwXVln_uUU

Мен Азаттық даңғылындағы бес қабатты 169 «б» үйдің тұрғынымын. Үйдің астында «Берік» деген азық-түлік дүкені бар, керегімізді алысқа бармай сол жерден табамыз. Бірақ, бір күн ішінде нан бағасының 5 теңге емес, бірден 10 теңгеге шарықтап кеткені қалай? Бұл қаншалықты дұрыс? Меніңше, ең басты тағамның бұлай бағалануы қарапайым халықтың қалтасына қиын соғады деп ойлаймын. Сондықтан, жергілікті әкімдік тарапынан тиісті шаралар алынуы тиіс деп санаймын.

Сәуле МАҒАУҚЫЗЫ,

зейнеткер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз