Атырауда модульді типтегі жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр (+ФОТО)

118763113 1037928919975107 364759136579242462 o Жаңалықтар

Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау облысы әкімдігі күзде болады деп болжанып отырған пандемияның екінші толқынына дайындықты күшейтті.

Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралардың бірі — Үкімет тапсырмасына сай, Атырау қаласында салынып жатқан модульді типтегі жұқпалы аурулар ауруханасы. 
200 орындық инфекциялық аурухана стандартымен бой түзейтін медициналық нысанды облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен ЖШС «BI Industrial»BI компаниясы салып жатыр.   

Аурухана ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи диагностикалық және науқастарды емдеуге арналған құралдармен жабдықталады. 
Медициналық нысанда 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата, 6 бір орындық және жеті екі орынды бокстар аулаға шығатын арнайы есіктерімен жасалуда.

Сондай-ақ, интенсивті терапия бөлімінде 20 кереует және қабылдау-диагностикалық бөлімінде бес бокс жасақталады.  

Медициналық блокта әкімшілік, зертхана, КТ мен рентген аппараттары, бронхоскопикалық құрал-жабдықтар, УЗИ, электрокардиографтар болады деп жоспарлануда. 
Жаңа аурухана жұмысына жергілікті медициналық қызметкерлер қайта оқыту арқылы тартылады. Тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары қазанда бітеді деп жоспарланып отыр. 

Айта кетелік, Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынуда.

whatsapp image 2020 09 02 at 11.36.06 2
118726074 1037928913308441 6440979806421676365 o
whatsapp image 2020 09 02 at 11.36.06 3
118469679 1037929016641764 6088720013751085516 o
118768367 1037928843308448 4954283421821692629 o
whatsapp image 2020 09 02 at 11.36.06
118731470 1037928846641781 551902602369627177 o
118700445 1037928906641775 1091549218237799550 o
118768162 1037928836641782 1959212227880902835 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз