Атырауда мемлекеттік қызметке қызығушы жастар қатары артуда

preview image Жаңалықтар

Atr.kz/5 маусым, 2019 жыл. Атырауда мемлекеттік қызметші болуды қалайтын жастардың саны артуда.

Бұл туралы  Atr.kz-ге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев мәлімдеді.

Саладағы оң динамиканың спикер екі себебін атап отыр. «Мемлекеттік қызмет – ең біріншіден тұрақтылықтың белгісі болса, екіншіден меритократия қағидатының негізінде мансаптық өсуге үлкен мүмкіндіктер бар» дейді ол.

Ruslan Tұңғyshbaev
Руслан Тұңғышбаев

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысында 3080 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 38 жас, орташа еңбек өтілі – 9 жылдан асады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз