Атырауда маса улау жұмыстары қалай жүргізілуде?

dsc 0009 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/12 маусым, 2020 жыл. Қазіргі уақытта облыс орталығын дәрілеу жұмыстары екі ауысымда үздіксіз атқарылуда.

Атырау қаласының климаттық жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, зиянкестерге қарсы күрес биыл сәуір айының басында басталған еді. Cодан бері дезинсекциялық жұмыстар ашық су айдындарында жүргізілді.

– Жалпы қаладағы дезинсекциялық жұмыстарға алты бригада жұмылдырылған. Олардың екеуі таңғы сағат тоғыздан кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Белгіленген бригадалар көп қабатты үйлердің жертөле кіреберістерінде зиянкестермен күреседі. Қалған төрт бригада кешкі сегізден түнгі сағат екіге дейін қала көшелерінде, ашық су қоймаларында, саябақтарда, мәдениет және демалыс орындарында, сондай – ақ қала маңындағы ауылдық округтерде тазалау жұмыстарын жүргізеді ,- деп атап өтті этномолог маман Айнагүл Дәулетьярова.

Бүгінге дейін 1188 көпқабатты тұрғын үйдің жер төлелері мен кіре берістеріне дәрілеу жұмыстары жүргізілген. Мұндағы ПИК қызмет етпейтін үйлерге дезинсекция жұмыстары сенбі-жексенбі күндері жүргізіледі. Ал, ПИК қызмет ететін тұрғын үйлерге улау жұмыстары айына бір рет жасалады. Сонымен қатар, мамандар әлеуметтік желілерде арнайы чаттар ашқан. Осындай топтардың көмегімен тұрғындарды жұмыс барысын тексеруге шақырады.

Біздің жұмысымызды қалалық әкімдік пен ТҚШ-дан бөлек, тұрғындар да бақылауда ұстайды. Егер, тұрғындар тарапынан улау жұмыстарына қандай да бір көңіл толмаушылық болатын болса, Telegram-чатқа жазуына, жұмыс барысын тексеруіне мүмкіндігі бар, – дейді Айнагүл Даулетьярова.

«Атырау облысының коммуникациялар қызметі«

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zhana-kariz-tazartu-kesheninin-qurylysy-qyrkujekte-a%d1%8fqtalady-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз