АТЫРАУДА КӨП МӨЛШЕРДЕ ЖАУЫН ЖАУДЫ (+ФОТО)

55823795 787482088300943 1377122942101487616 n Жаңалықтар

Atr.kz/3 сәуір, 2019 жыл. Жауын-шашын мөлшері көптігінен жаңбыр суын сорғылау Атырауда күндіз-түні жүргізілмек.

Қазіргі уақытта арнайы техникалардың көмегімен қала бойынша 1800 текшеметрден жоғары жаңбыр суы сорылды деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда ауа райының күрт өзгеруіне орай жауын шашынның көбеюіне байланысты коммуналдық қызмет жұмыстары қарқын жүргізілуде. Кәзіргі уақытта қала көшелерінде 26 ваккумды арнайы көліктер кезектесіп қызмет атқаруда.

  • Бүгін, күн ұзағына арнайы техника көмегімен 1800 текше метр жаңбыр суы сорылды. Су сору жұмыстары 24 сағат атқарылатын болады. Жауын шашын мөлшері ұлғайған жағдайда қосымша көлік құралдарын пайдаланатын боламыз» деп жауап берді ТКШ және жолаушылар тасымалы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ұзақ Тусаев.
56260490 787773284938490 2295223187178258432 n1
56328716 787482138300938 8465987457949630464 n1
56390507 787775878271564 8109794949530124288 n
56337111 787772998271852 586777525741420544 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз