Атырауда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды

8 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/8 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирустан 72 жастағы әйел көз жұмды.

Бұл қауіпті індеттен көз жұмған үшінші адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған науқас Құрманғазы ауданында тұрған. Ақкөл ауылының 72 жастағы тұрғыны екі жақты пневмониямен аудандағы орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Зейнеткер әйелде артериалды гипертензия, тамырдан шыққан прогрессивті дискркуляторлы энцеопатия, бауыр стеатозы, созылмалы панкреатит аурулары болған. Науқасқа 4 маусымда COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүргізілген. Ал, 6 маусымда талдау қорытындысы коронавирус инфекциясының барын көрсеткен.

«Бұдан кейін науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға дайындап еді. Бірақ, оның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Алайда, бұл нәтижесіз болды. Өкінішке қарай, науқас көз жұмды», -деді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда қауіпті індеттен екі адам қайтыс болып, оның бірі үйінде бір апта жатып қалғанын хабарлап едік.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз