Атырауда коронавирус індетінен 24 адам жазылып шықты

snimok COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/15 маусым, 2020 жыл. Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар  саны  985 адамға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 24 адам жазылып шыққан. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкерлер, 4  Жылой ауданының, Құрманғазы ауданының тұрғыны. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданынан 1, Атырау қаласынан 1  тұрғын қауіпті індеттен емделіп шыққан.   

–    Қазіргі уақытта емделіп шыққан өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 985 адамға жетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз