Атырауда көп балалы отбасылар үшін арнайы орталық ашылады (+ВИДЕО)

3940649698751430 b3f2 1 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/25-ақпан, 2019 жыл. Енді Атырауда көп балалы отбасылар үшін арнайы орталық ашылады. Яғни, аналар балаларын күндіз орталыққа қалдырып, осы уақытта алаңсыз жұмыс істей алады.

Көп балалы  отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында ашылғалы отырған орталыққа Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тікелей қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы atr.kz-ге берген сұхбатында қоғам белсендісі, көп балалы ана Әсем ӘЛІПҚАЛИЕВА айтып берді.

  • Идея қалай пайда болды?
  • Біз, яғни, көп балалы аналар Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов мырзаның жеке қабылдауында болдық.  Сол кезде Шапкенов Серік мырза көп балалы аналарға арналған орталықты ашуды ұсынды.
  • Орталық несімен ерекшеленеді?
  • Бұл орталыққа көп балалы аналар өздерінің сәбилерін бере алады. Яғни, орталықта баланы тәрбиелеу, тұлға ретінде дамыту үшін жағдай жасалады. Жеке ісін ашам деген аналарға қайтарымсыз грант беру бағдарламасы қарастырылып жатыр.
  • Балаларға белгілі бір жеңілдіктер бола ма?
  • Бұл орталыққа ғимаратты Атырау әкімдігі ұсынады. Жөндеу жұмыстарына, санитарлық – эпидемиологиялық нормаларға сай ас үй құралдарымен жабдықтарын, балалар алаңын салуға демеушілер іздестіру үстіндеміз. Бастысы, төленетін қаражат ата-аналардың қалтасына қатты соқпауы тиіс.
  • Өзіңіз туралы айтып берсеңіз. Әсем Әліпқалиева кім?
  • Мен көп балалы анамын. Өзімнің төрт ұлым бар. Бір балама 2018 жылы аутизм диагнозы қойылып, мүгедектік тағайындалды. Көп балалы аналардың тауқыметін, қиындығын өз басымнан өткеріп жатырмын. Арнайы орталық ашуға белсене кірісуімнің себебі де осында. Әр бала бақытты отбасында тәрбиеленуге құқылы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Видеомонтаж: Фархад КАРАПИДЕНОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз