Атырауда кафелер төтенше жағдайда қалай жұмыс істейді?

dd Жаңалықтар

Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл. Атырауда дәмхана, базар және әмбебап маркеттердің төтенше жағдайда қалай жұмыс істейтіні белгілі болды.

Енді елу адамға дейінгі тамақтану орталықтары таңғы сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, сауда орталықтары мен әмбебап маркеттердің төтенше жағдайдағы жұмыс уақыты сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін бекітілді.

Базарлардың жұмыс уақыты сағат 11.00-де басталып,  кешкі 17.00-де аяқталады.

Еске сала кетелік, әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясының таралуына орай, Қазақстанда отыз тәулікке дейін төтенше жағдай жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгінде сауда, ойын-сауық орталықтарының, кинотеатр, үйірме, оқу орталықтары, спорт кешендері, компьютерлік клуб, көрме және адам көп жиналатын (50 адамнан жоғары) қоғамдық орындардың жұмысына уақытша шектеу қойылды.

Мектеп оқушылары мерзімінен бұрын каникулға жіберіліп, жоғарғы оқу орындары онлайн оқу жүйесіне көшті.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Қазақстанда коронавирус дертіне он үш адамның шалдыққаны белгілі болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-kimderdiң-nesiesine-zheңildik-zhasalatyny-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз