Атырауда иттер сайысқа түсті (+ВИДЕО)

4 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/6R8-dbUwopA

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. Қазақстан полициясы күніне орай облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Үздік кинологшы» иттер фестивалі өтті.

Мұндағы мақсат – қиын да жауапты жедел-іздестіру іс-шараларына қатысушы үздік кинологтар мен иттер резервін қалыптастыру. Шара барысында кинологтардың кәсіби деңгейі және есірткі құралдарын іздеуге дайындалған қызметтік-іздестіру иттерінің дайындық деңгейі бағаланды. Сондай-ақ, есірткі құралдарын іздеу және анықтау бойынша дағдылар бағаланды.

Байқау нәтижесімен иттерді дайындауда көрсеткен шеберлігі үшін Василий Лаврентиев пен Данияр Қалиев полиция департаментінің Мақтау қағазымен марапатталды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз