Атырауда Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режимде жұмыс жасауда

srsraprarpa Жаңалықтар

Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлының айтуынша, бүгінгі таңда орталықтар (олардың қатарында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы да бар – авт.) кестеге сәйкес қызмет көрсетіп жатыр. Десек те…

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жұртшылықты күту залында ұзақ уақыт бойы шоғырландырмау мақсатында ғимаратқа 10-15 адамнан ғана кіргізу тәртібін қолданысқа енгізген.

Жалпы, қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталық мамандары келушілерді қажетті қызметтерді онлайн алуға бағыттап жатыр. Үгіт-насихат жұмыстарына белсене кіріскен корпорация мамандары челлендж ұйымдастырған.

 – Әзірге орталықтар қызметін тоқтату туралы ешқандай нұсқаулық келген жоқ. Сондықтан, тек тұрғындарға анықтамаларды телеграм-бот арқылы алуға кеңес, ұсыныс беріп жатырмыз. Қызметкерлер толықтай медициналық маскамен қамтылды. Ғимарат іші жиі залалсыздандырылып тұрады, – деп нақтылады филиалдың баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлы.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9baza%d2%9bstanda-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andardy%d2%a3-sany-27-adam%d2%93a-zhetti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз