Атырауда емханалар онлайн режимде жұмыстарын жалғастыруда

img 20200724 wa0044 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz /25 шілде, 2020 жыл. «Коронавирус жағдайына байланысты, аймақта емханалардың онлайн режимдегі жұмысы жалғасуда» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі эергілікті денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта емханалар ​ 8.30-18.00 аралығында тұрғындарға онлайн режимде кеңес беріп жатыр.

Ал, сенбі күндері сағат 15.00-ге дейін кезекші дәрігер пациенттерді мазалаған мәселелер бойынша кеңес беруде. ​

«Егер шұғыл жағдай орын алып немесе созылмалы ауруы бар науқасқа ауруханаға жататын жағдай туындайтын болса, учаскелік дәрігерге хабарласу арқылы анализ тапсыруға жолдама ала алады. Кейін анализдер таңғы сағат 8.00-9.30 аралығында алынады.

Қазіргі уақытта емханалар жүкті әйелдерден анализ сынамаларын алуда. Және акушер-гинекологтар жүкті әйелдерге емханалардан қабылдау жүргізіп отыр. Акушер-гинекологтан басқа жекелеген мамандар емханада жұмыс атқаруда. Қажет жағдайда науқастарды офлайн режимде қабылдайды» деп нақтылады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Емхана жұмысына байланысты кез-келген мәселелер бойынша тұрғындар тіркеуде тұрған емхананың анықтама бөліміне немесе 103,​ 112 қысқа нөмірлеріне хабарласа алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз