Атырауда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

20190723 r Жаңалықтар

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. 16 маусымда сағат 19:40-да Атырау қаласы Береке ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің ең жоғарғы қабатынан белгісіз жағдайда екі жасар бала құлап кетті.

Бала жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы орайда, мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмуды және терезелерді ашық ұстамауды сұрайды. Өйткені, москит торы балаларды құлаудан қорғамайды.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз