Атырауда дезинфекция шаралары күшейтілді

image 13 03 20 04 24 3 1 Жаңалықтар

Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл. Атыраудағы азық-түлік өнімдерін сататын супермаркеттер мен базарларда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дезинфекциялау шаралары күшейтілді.

«Идеал» және «Лидер» супермаркетінің директоры Әсет Ғалымжанұлының айтуынша, дезинфекция жұмыстары үздіксіз жүруде.

«Дезинфекция жұмыстарын кешеден бастап жүргіздік. Іштегі техникалық қызметкер күніне екі рет еденді жуады. Қазіргі біздің басты мәселеміз медициналық маска мен антисептиктің жетіспеушілігі болып отыр. Сондықтан, біз тігін цехымен келісімге келіп, көп реттік пайдаланатын маска тігуді жоспарлап отырмыз. Қазір тек қызметкерлеріміздің қолында антисептик салфеткалары ғана бар», – дейді «Идеал»  және «Лидер»  супермаркетінің директоры Әсет Ғалымжанұлы.

Ал «Дина» сауда орталығында да халықтың қарасы азаймай тұр. Бірақ, бұл жерде де  сатушылар үшін ертең 10 мың медициналық маска келмек.

«Дина» базарының санитарлық дәрігері Каримова Гулнара қызметшілер қолдарына бір реттік қолданатын қолғап киіп және  нан өнімдерінің барлығы  қапталғанын айтады.

Айта кетейік, азық-түлік дүкендері мен базарлар, супермаркеттер санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-balaba%d2%9bshalardy%d2%a3-zh%d2%b1mysy-ne-sebepti-to%d2%9btamajtyny-ajtyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз