КОРОНАВИРУС: Атырауда дәрігерлерге 44, 5 миллион теңге төленді

15699177490 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Атырауда коронавируспен күресіп жатқан дәрігер мамандарды ынталандыру мақсатында 44, 5 миллион теңге төленді.


Бұл туралы жергілікті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаева хабарлады.


Айтуынша, медицина мамандарын ынталандыру үшін қазіргі уақытта 288 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Сонымен бірге, карантин жағдайынан ашылған Атырау облыстық аурухана базасынан алпыс орындық провизорлық стационар жасақталды.

«Бұл аймақта дәрігерлер коронавирус болуы мүмкін науқастарды қабылдайды. Анализ расталған жағдайда, хаттама бойынша емдеу шараларын жүреді. Алғашқы бір күннің өзінде аталмыш стационарға екі науқас жатқызылды» деп атап өтті Гүлнафис Таңбаева.


Айтуынша, бүгінде инфекциялық стационарда жатқан емделушілердің екеуі орташа жағдайда жатыр. «Бір науқастың жағдайы ауыр. Ол жасанды желдету аппаратына қосулы. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Көпшілігінде негізінен құрғақ жөтел, дене қызуы байқалуда» деді Гүлнафис Таңбаева.


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз