Атырауда бір жастағы екі бала коронавирус жұқтырды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында бір жасар 2 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атырауда бір тәулікте 17 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталған.

«Індет жұқтырғандардың екеуі — Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшысы. Ал, 14 адам – Атырау қаласының тұрғыны. Олардың арасында бір жастағы 2 бала бар. Тағы бір жағдай Жылыой ауданында анықталды. Науқастардың бәрі инфекциялық ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1379 адамға жетті. Жазылып шыққандар – 1015 адам. Еске сала кетелік, Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған