Атырауда бір тәулікте 35 адам коронавирус жұқтырды

snimok COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/23 маусым, 2020 жыл. Атырауда бір тәулікте 35 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қауіпті індет Атырау қаласының тұрғындарынан табылған.

«Өткен тәулікте қауіпті індет скринигтен өту кезінде расталды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда» -деп хабарлады басқарамның баспасөз қызметі.

Осы кезге дейін Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1475 адамға жетті. Ал, жазылып шыққандар – 1134. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді.

https://atr.kz/bez-rubriki/polici%d1%8f-qogam-saqshysy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз