Атырауда «Білім және ғылым» форумы өтіп жатыр

IMG 7013 Білім

Atr.kz/23 тамыз, 2019 жыл. Жаңа оқу жылы қарсаңында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыс педагогтеріне арналған «Білім және ғылым» тақырыбында  форум өтуде.

Аймақтың әр түкпірінен 500-ге жуық мұғалім жиналған басқосуға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысуда. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жансұлу Төремұратова бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі жаңа стратегиялар мен мүмкіндіктер туралы баяндама жасауда.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 886 педагогы білімін жетілдіру курсынан өтті. 28 оқушы Халықаралық білім додаларында жүлделі орындарға ие болды. Жалпы білім сапасы 55,9 пайызды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық. Мектептерде 10828 мұғалім қызмет етеді. Әлі 472 педагог жетіспейді. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз