Атырауда білім беру мекемелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде

whatsapp image 2020 03 04 at 15.51.43 1 Білім

Atr.kz/4 наурыз, 2020 жыл. Атырауда білім беру мекемелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Биыл облыстағы  10 білім беру нысанына құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл  туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов мәлімдеді. 

–    Бүгінгі таңда облыста 3 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде 4 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізілуде, Ал, 2 балабашаның құрылысы жүргізілуде,- дейді Мәлік Аманов.Сонымен қатар, өңірде  балабақша құрылысы да  қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, мектепке дейінгі 3 орталықтың құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілген.  Ал, басқа да құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатырған нысандар саны – 8, оның ішінде 6 жатахана құрылысы бар.  Биыл аталған құрылыс жұмыстарын аяқтап,тапсыру жоспарлануда ,-  дейді басқарма басшысы.

http://atr.kz/bez-rubriki/p%d3%99ter-ieleri-kooperativteri-pik-zhojylady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз