Атырауда бес жыл үзілістен кейін Өзен порты жұмысын қайта бастады

rnngege Жаңалықтар

Аtr.kz/3 маусым, 2020 жыл. Бұл өңір экономикасындағы ерекше оқиға бо­лып отыр. Бұдан бұрын Атырау өзен портының жұмысы тоқтаған бола­тын. Оған басты себеп – Жайық- Каспий каналының түбін тереңдету жұмысының жүргізілмеуі.

– Бұл порт бұрынғы Гурьев қаласында 1926 жылы ашылған еді. Содан бері бір ғасырға жуық кемемен жүк тасымалданып келді. Ал, 2010 жылы портқа қайта жаңғырту жұмысы жүргізіліп, жыл сайынғы жүк қабылдау қуатын 15 мың тоннаға жеткізген едік. Алайда, бес жыл бұрын қызметімізді тоқтатуға мәжбүр болдық. Өйткені, Жайық-Каспий каналымен жүк тасымалдау қиындады. Канал жолы бітеліп, тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туды, – деді Атырау өзен портының директоры Азамат Зұлхарнаев.

Оның айтуынша, портқа су жолымен соңғы рет 2015 жылы жүк келген. Сол кезде шетелдік мұнай және осы саладағы сервистік компанияларының тапсырысымен жеткізілген зат қабылданған. Содан кейін Атырауға су жолымен келетін жүктер Маңғыстаудағы Бау­тин портына жеткізілген. Енді міне, Атырау өзен портына бес жылдан кейін ірі габаритті жүк жеткізілді. Бұл – газ- химия кешені үшін Оңтүстік Кореяда құрастырылған про­пан сақтайтын резервуарлар. «Біз газ-химия кешенінің құрылысына қажетті резер­вуарларды қабылдап алдық. Оның салмағы –532 тонна. Ірі габаритті жүкті екі баржамен жеткізді. Жақында тағы осын­дай үш баржамен келетін ауыр жүкті күтіп отырмыз» деді өзен портының қызметкері Руслан Асанов.

Өзен портының директоры Азамат Зұлхарнаевтың баян­дауынша, енді мұнда алыс және жақын шетелдерден тауардың кез келген түрі тиелген су көліктерін қабылдауға толық мүмкіндік бар.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз