Атырауда базарлардың қандай жағдайда ашылатындығы белгілі болды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. “Базарлар коронавирус көрсеткіші деңгейі төмен болған жағдайда ғана ашылады” деп хабарлайды жергілікті өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев айтты.

 
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, коронавирус инфекциясына қатысты өз критерийі бекітілген. Бұл деңгей 7 пайыздан асса, эпидемиологиялық жағдай қиын деген сөз. Егер Атырауда апта бойына инфекция жұқтыру деңгейі төмен сақталатын болса, базарға байланысты карантиндік талаптарға өзгерістер енгізуге болады» деп нақтылады спикер Амантай Жұмағалиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған