КАРАНТИН: Атырауда автобус пен такси қызметі толық тоқтатылады

1585503759 news b COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл.  Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитары бекіткен №31 Қаулыда жазылған.

Қаулы 14 сәуір мен 1 мамыр аралығында заңды күшінде болады.

Сонымен бірге, Атырауда барлық мекемелердің қызметі тоқтатылады.

Карантин режимінің ұзаруына байланысты, қала тұрғындарына тек азық-түлік алу үшін және дәріханаға бару үшін ғана сыртқа шығуға рұқсат етіледі. Сонымен бірге, арнайы рұқсаты бар адамдар ғана жұмысқа бара алады.

Ал, жасы 65-тен асқан азаматтарға аса қажеттілік болмаған жағдайда сыртқа мүлде шықпау ұсынылып отыр.

Десе де, Атырау қаласы әкімдігі азық-түлік базарлары мен дүкендердің жұмысы белгіленген уақытқа дейін жалғасатынын хабарлады.

Мәселен, азық-түлік базарлары сағат 9.00-18.00 аралығында жұмысын жалғастырады. Ал, көп пәтерлі үйлер мен ықшамаудандағы дүкендер жұмысы 06.00 – 20.00 аралығына бекітіліп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз