Атырауда азық-түлік супермаркеттерінің жұмыс уақыты кешкі сағат тоғызға дейін ұзартылды

Жаңалықтар Қоғам Құқық

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. «Бұл туралы бүгін Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық ​ дәрігері міндетін атқарушы Сүлеймен Əубəкіров ​ № 52 қаулыға енгізілген өзгерістер туралы өткен онлайн брифингте мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Бірақ, сауда үйлерінің қызметіне тыйым салынды. Ал, азық-түлік емес дүкендер “үйге жеткізу” қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады.

«Жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын» делінген қаулыда.
​Айта кету керек, бұған дейін азық-түлік маркеттері сағат 18.00-ге дейін жұмыс жасаған болатын. Жедел штаб азаматтар тарапынан түскен ұсыныстарды ескеріп, азық-түлік маркеттерінің жұмыс уақытын үш сағатқа дейін ұзартып отыр.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Еске сала кетелік, қоғамдық тамақтану орындары, кафе, мейрамханалар «жеткізу» қызметі арқылы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс атқара алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған