АТЫРАУДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАР САНЫ 15 941-ГЕ ЖЕТЕДІ

014dd693 7854 4755 8011 c02ccecf70a8 Жаңалықтар

Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. Енді бірінші сәуірден бастап Атырауда атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың саны 15 941-ге жетеді.

014dd693 7854 4755 8011 c02ccecf70a8

Бұған дейін аймақта 10000-нан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алып келген еді.

“Мәселен, бүгінгі күнге дейін әлеуметтік көмек мөлшері 4834 теңге болса, енді әр балаға шаққанда берілетін жәрдемақы көлемі 20789 теңге болады” деп мәлімдеді Атырауға сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

Еске сала кетелік, ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Бекболатұлы бар.

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз