Атырауда апатты үйлердің 175 тұрғыны баспаналы болды

whatsapp image 2019 12 19 at 10.08.37 3 Жаңалықтар

Atr.kz/19 желтоқсан, 2019 жыл.  Тұрғындарға    жаңа баспана  Береке ықшамауданынан  берілді,  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

А.Құнанбаев, 13 көшесінде орналасқан  апатты  жатақхананың 120 тұрғыны мен Досмұхамедов көшесіндегі үйлердің  55 тұрғыны Береке  ықшамауданынан жаңа пәтер кілттерін алды. Салтанатты рәсімге  Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Джанглишов қатысты. Ол тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап,  үй құрылысының жүргізілуі барысындағы  көрсеткен шыдамдылықтары  үшін ризашылығын білдірді.

–  12 апаттық жатақхананың тұрғындарын жаңа жайлы пәтерлерге қоныстандыру – Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы. Бұл шараның жүзеге асуын  көпшілігі бірнеше жыл күтті.   Апаттық  жатақханалардың бір бөлігін біз  осы жылы баспанамен қамтамасыз еттік,  апаттық жағдайдағы  қалған үйлердің тұрғындарын келер жылы  көшіретін боламыз. Тапсырма міндетті түрде орындалатын болады, – деді Ринат Джанглишов жаңа қоныстанушыларға.

Құнанбаев, 13  көшесіндегі  жатақхана 1985 жылы салынған. Онда көп жағдайда байланыс ажыратылып, жылу жүйесі болмай қалады. Ал,  бөлмелерді ылғал басып кеткен.  Досмұхамедов, 15  көшесіндегі  үй   1956 жылы салынған. Қазіргі таңда апатты жағдайда тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен  Разьезд 496 станциясының 150 тұрғыны қоныс тойын тойлаған болатын.

whatsapp image 2019 12 19 at 10.08.37
whatsapp image 2019 12 19 at 10.08.37 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз