Атырауда апатты үй тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілді

whatsapp image 2020 07 03 at 11.05.21 Жаңалықтар

Atr.kz/3 шілде, 2020 жыл. Бірлік ықшам ауданы, АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы Жұлдыз ықшамауданына қоныс аударды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен сәтті іске асырылуда.  Мәселен,  өткен жылы Құнанбаев №13 және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана Береке ықшам ауданындағы жаңа үйлердің біріне көшірілсе, биыл  2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды. Атап айтқанда, Әуезов №22 үй Жұлдыз ықшам ауданына, ал Достық №14 үй тұрғындары Береке ықшам ауданына көшірілді.  

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта жоспардағы апатты деп танылған жатаханалар мен тұрғын үйлерді көшіру жұмыстары жалғасады. Айта кетейік, баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар т ұрғын үй құрылысының аяқт алуына қарай жүзеге асады

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз